Қостанайда төртінші қабаттан арқанмен түспек болған 80 жастағы әжей көз жұмды
Қостанайда 80 жастағы әжей көпқабатты үйдің төртінші қабатынан арқан арқылы түспек болып, құлап кеткен деп хабарлайды Костанайские новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: amurmedia.ru
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқыс оқиғаны растады.
23 мамырда Маяковский көшесінен денесінде зорлық белгілері жоқ әйел адамның денесі табылған.
80 жастағы әжей ұлымен бірге үйдің 4 қабатында тұрған. Сырқаттанып жүрген.
Анықталғандай әжей далаға терезе арқылы шықпақ болған. Ол үшін қарт кісі жеке киім-кешектерден жасалған арқанды пайдаланған екен.
Бұл уақытта зейнеткердің ұлы жұмыста болыпты.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
0
0
0
Тағы да оқыңыздар