RU
17 рет жеңіске жеткен UFC спортшысы туған сәбиін жол жиегіне қалдырып кеткен
Жаңалықтар Калейдоскоп

17 рет жеңіске жеткен UFC спортшысы туған сәбиін жол жиегіне тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Рио-Де-Жанейро полициясы бес айлық баласын жол шетіне тастап кеткен аралас жекпе-жектің танымал спортшысы Алекс Оливейруға іздеу салды. Бұл туралы sportsdaily.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

UFC спортшысы бұрынғы әйелінен бес айлық баласын ұрлап, жол жиегіне тастап кеткен

Фото: MMA

Сенбі күні Оливейру бұрынғы әйелінің үйіне ортақ баласын көруге келген. Спортшы бес айлық баласын велосипедпен серуендетпек болғанда, бұған бұрынғы жұбайы үзілді-кесілді қарсы болған.

Осыдан кейін Оливейру әйелін соққыға жыққан. Ол үйдің терезесін шағып, кіре беріс есікті сындырған.

Ал ер адам баланы алып, мотоцикліне мініп кетіп қалған. Бірнеше шақырым жүргеннен кейін Оливейру баланы жол шетіне қалдырып кеткен.

Қазір спортшыны полиция іздестіріп жатыр. Оның қайда екені әзірге белгісіз.

Жалпы Оливейру спорттық мансабында 17 жеңіске жетіп, 7 рет жеңіліс тапқан. Бір жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталса, екі кездесуі өтпей қалған.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel