Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мотоцикл мен лимузин: Қазақстандық түлектер соңғы қоңырауды қалай тойлады?(видео)

Опубликовано:

Алматы мен Қарағанды түлектері соңғы қоңырауды мотоцикл мен лимузинмен қыдырып, атап өтті деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Мотоцикл мен лимузин: Қазақстандық түлектер соңғы қоңырауды қалай тойлады?(видео)
Фото: Видеодан скриншот: Facebook

Лимузиндер мен мотоциклдердің кортежі алғашында Алматы көшелерінен байқалды.

Осындай тағы бір видео Қарағанды көшелерінде түсірілген. Онда мектеп бітіруші қыздар мотоциклмен жүрген.

Жастардың әрекеттері әлеуметтік желіде қызу талқыланған. Біреулер түлектер үшін шын жүректен қуанса, енді біреулері мұндай қылықтарын қатаң сынға алды. Түлектер көлік терезесінен шығып, лента желбіреткен.

"Бүгін қалада түлектер отырған қымбат көліктер байқалды. Ата-аналар балаларының мектеп бітіруін бұлай атап өтулеріне қарағанда, біздің халық кедей емес екен", "Мақтаншақтық! Міне, біздің жастардың тәрбиесі", "Жарайсыңдар, көңіл көтеріңдер, қыдырыңдар! Кейін жұмыс, отбасы дегенді білесіңдер. Жас кездеріңде көңіл көтеріңдер", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796188-motocikl-men-limuzinder-kazakstandyk-tlekter-sogy-koyraudy-kalaj-tojlady/

pixel