Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіне қайта қосылуға енесі мен туыстары қарсы болған келіншек жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Жан жарымен осыдан алты жыл бұрын танысқан 28 жастағы келіншек, басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, жан сырын ақтарды. Айтуынша, енесі күйеуі екеуінің арасына түсіп, шаңырақтарының шайқалуына себеп болған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Life.ru
Көрнекі фото: Life.ru: Facebook

Өзін Аида деп таныстырған келіншектің сөзінше, ол болашақ жарымен 2013 жылы танысқан. Жарты жыл өткен соң отбасын құрған жас жұбайлар, көп ұзамай айырылысып кеткен.

"Жолдасым өте жақсы адам. Мен анасымен танысуға барған күннің өзінде-ақ жанұясының келінге қатты қарайтынын көрдім. Олар маған бірден қалың мал аз болатынын және үлкен той болмайтынын айтты. Себебі анасының жасы үлкен әрі күйеуімді жалғыз өзі өсірген екен.

Өзім әкесіз өскендіктен, оған да көндім. Бастапқыда бәрі жақсы болды, үйленіп, кейін мен жұмысқа орналасып, қарапайым отбасылар сияқты өмір сүріп жаттық.

Бірақ аз уақыттан кейін жолдасым жұмыссыз қалды, сөйтіп оның туыстары күйеуіме көмектесе бастады. Жарты жылдан кейін, жүкті болдым. Бір күні біз жолдасымызбен қатты ұрысып қалдық. Оның досы маған ауыр сөз айтты, ал жолдасым болса мені қорғамай, көңілімді қалдырды.

Мен қатты ренжігенім соншалық, үйден киім-кешегімді алып, кетіп қалдым. Әрине ол әрекетім жастықпен, балалықпен болғанын білемін, бірақ уақыт өте келе жолдасым екеуміз қайта татуластық.

Алайда біздің қосылуымызға, оның анасы мен туыстары қарсы болды. Олар "келін қайтып келмейді" деген талап қойған екен. Мен шынымды айтсам ондай әрекеттеріне қатты таң қалдым. Бірақ күйеуім менен бас тартпай, керісінше қолдап, біз бөлек пәтерге шығып, қайтадан кездесе бастадық.
Кейін бұл туралы менің ата-анам білді, олар тіпті жолдасымның туыстарына барып, сөйлесіп көрейік деген ақыл да айтты. Бірақ мен қатты ренжігендіктен, ондай ұсынысқа қарсы шықтым", - дейді келіншек.

Аида ұл босанып, қуанышты хабарымен енесімен бөліскен екен. Алайда енесі туған немересінен де бас тартқан көрінеді.

"Басында қуаныпты, сосын татуласуға рұқсатын бергендей болған екен. Бірақ бәрі сол бұрынғысынша қалды. Күйеуім пәтер ақшасын төлемейді, балаға да қарайласпайды.

Кейін мен оның анасы мен туыстары тіпті балаға да қарсы екендіктерін естідім. Қазір айына бір рет хабарласып, ұлының жағдайын сұрап тұратын жағдайға жеттік.

Баламның жасы үш жарым жаста, әкесін қатты сағынады, кейде тіпті "Әкем қайда?" деп те сұрайды. Өзім де бұрынғыдай емес, күйеуіме суып қалдым. Көңілімде тек өкпе мен реніш қана бар", - дейді жас келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796190-enesi-kjeuine-zolatpaj-kojgan-bir-balaly-kelinsek-zan-syrymen-blisti/

pixel