RU
Шымкентте жол апатына түскен полицей көлігі аударылып қалды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жол апатына түскен полицей көлігі аударылып қалды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте Toyota Camry-мен соқтығысып қалған полицей көлігі аударылды. Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желілерде тараған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орны: instagram.com/dudoser

Оқиға орны: instagram.com/dudoser

Шымкент полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жол апаты бүгін 27 мамырда Жібек жолы мен Аймауытов көшелерінің қиылысында сағат 8:30 шамасында болған.

Анықталғандай Жібек-Жолы көшесінің бойымен Т.Рысқұлов көшесі жағынан Ж.Аймауытов көшесіне қарай жүріп келе жатқан "Toyota Camry" маркалы автокөлік Жібек-Жолы көшесімен Т.Рысқұлов көшесіне қарай қарсы бағытта келе жатқан Жергілікті полиция қызметінің "JAC S5" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты "Toyota Camry" маркалы көліктің полиция көлігіне жол бермеуі салдарынан болған.

Жол апаты салдарынан, екі автокөлікке де материалдық шығын келтірілген.

Ал медициналық көмек көрсетілген соң, екі жүргізушіні де үйіне қайтарылған. Абырой болғанда көліктерде жолаушылар болмаған.

"Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel