RU
"10-шы өлім": Әлемнің ең биік шыңы Эверестте кептеліс пайда болды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп
BBC Русская Служба

"10-шы өлім": Әлемнің ең биік шыңы Эверестте кептеліс пайда болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Непал үкіметі бұл маусымда әлемнің ең биік шыңына шығуға рұқсат беретін лицензияны көп мөлшерде сатып, нәтижесінде адам өміріне қауіп төндіретін биіктікте бірнеше күн күтуге тура келетін кезек пайда болды. Бұл туралы Русская служба BBC сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Эверестке көтерілуге және түсуге кезекте тұрған 10 адам ажал құшқан. Олардың төртеуі Үндістан азаматтары, екеуі ирландықтар, қалғаны Непалд, Австрия және АҚШ азаматтары болған.

Сенбі күні Эвересті бағындырғаннан кейін бірер минут өткен соң 44 жастағы британдық көз жұмған.

Жалпы осы көктемгі маусымда Гималайда 20 адам қаза болған. Бұл 2018 жылдың көрсеткішінен де көп.

Айта кетейік, әлемдегі ең биік шың - Эверестке көтерілу үшін әрбір альпинист 11 мың доллар төлейді. Непал көктемгі көтерілуге 381 лиценция сатқан. Биыл былтырғы жылдың рекорды 807 адамнан асып түседі деп күтілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel