RU
СҚО әкімі қоластындағыларға қызметтік көлік сатып алуға тыйым салды
Жаңалықтар Қоғам

СҚО әкімі қоластындағыларға қызметтік көлік сатып алуға тыйым салды

Рассказать Вконтакте

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов дүйсенбі күні өткен облыстық әкімдіктің отырысында қоластындағыларға қызметтік көлік сатып алуға тыйым салды деп жазады ведомствоның хабарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қаржы басқармасына тапсырма беремін, аудан әкімдеріне қызметтік көліктер сатып алмасын. Өткен жолы біз Петропавл әкімдігі жаңа автокөліктерді сатып алып жатқанын анықтадық. Мұны тоқтату керек. Бізде оданда аса қажет бағыттар жетерлік: ауылдарды сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, білім мен денсаулық сақтау саласы. Барлық қаржыны осы салаларға бағыттау керек. Қажетті нәрселерге жұмсаңдар. Ал бұл күте тұрады. Ескі көлікпен де жүре тұруға болады" , - деді өңір басшысы.

Бұған дейін, жергілікті басылымдар Петропавл әкімдігі 23 млн теңгеге бизнес-класстан екі автокөлік сатып алмақшы екенін хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel