RU
Үндістанда қатерлі ісіктен емделген алматылық ару көз жұмды
Жаңалықтар Қоғам

Үндістанда қатерлі ісіктен емделген алматылық ару көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствоның брифингі кезінде, Үндістанда қатерлік ісіктен емделген қазақстандық ару Диана Ыстыбаеваның қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үндістанда қатерлі ісіктен емделген алматылық бойжеткен қайтыс болды

Диана Ыстыбаева Фото: instagram.com/club_dobryakov_almaty

"Өкінішке қарай, ол кеше қайтыс болды. Қазір біз оның денесін Қазақстанға мемлекет есебінен жеткізу үшін қажетті көмектің барлығын көрсетіп жатырмыз", - деді ол.

Оның сөзінше Диана 23 жаста болған.

Алты жыл бұрын дәрігерлер оған "Білек буынының саркомасы" диагнозын қойған. Оның иығына дейін ампутация жасалған, алайда бұл қатерлі дертті тоқтатпады.

Бойжеткен анасы мен бауырын алып, Делиге емделуге ұшқан. Алайда шетелдік дәрігерлер де оған көмектесе алмаған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel