RU
Әбунасыр Серіков Нарчаевамен бір киноға түсуден бас тартып, түсірілім алаңынан кетіп қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әбунасыр Серіков Нарчаевамен бір киноға түсуден бас тартып, түсірілім алаңынан кетіп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде отандық танымал актер Әбунасыр Серіковтің Шырын Нарчаевамен бірге киноға түсуден бас тартып, түсірілім алаңынан кетіп қалған видеосы тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram, видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кино түсірілім кезінде орын алған жағдай Instagram желісінде тарады.

Видеодан Әбунасыр Серіковтың бастапқыда атышулы бойжеткенге ағалық ақылын айтып, мағыналы дүние түсіруге кеңес бергенін, алайда әртістің сөзін бөлген ару актердің ашуын тудырғаны байқалады.

"Осы сендер не нәрсе түсіріп жүрсіңдер? Тәрбиесі бар дүние түсірмейсіңдер ма? Қанша халық қарап жатыр ғой. Кішкене адамда ұят болу керек қой. Осының өзінде сіз мені сыйламай отырсыз. Жасымды сыйламайсың ба, ең болмаса. Жақсылап түсіріңдер, тәрбие беретін нәрсе. Қалай салғыласпайсың? Мені сыйлап та тұрған жоқ қой. Басқа қыз таппадыңдар ма не? Түспеймін мен. Өздерің ғана ойнаңдар онда" , - деп актер қолындағы мәтінін лақтырып кетіп қалады.

Ал кино түсіріп жатқан топ актерді сабырға шақырып әлек болғанымен ол ешкімнің сөзіне құлақ аспаған.

Сіздің реакцияңыз
13
5
5
4
5
226
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel