RU
Нұр-Сұлтандағы республикалық медицина орталығынан адамдар эвакуацияланды

Нұр-Сұлтандағы республикалық медицина орталығынан адамдар эвакуацияланды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желідегі елордалық топтарда Нұр-Сұлтандағы ғимараттардың бірінде қойылған жарылғыш зат туралы қауесет тарады. Осыған байланысты, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бүгін қалада оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілгенін айтып, халықты тыныштандырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: astana_sergek

Көрнекі фото: astana_sergek

"Сол жағалауда не болып жатыр? Барлығы жабық", "Диагностикалық орталықта", "Оқу жұмыстары сияқты", "Сығанақ көшесін жауап тастапты",- деп жазылған Instagram желісіндегі astana_sergek тобында.

Басқа бейнежазбада ер адам Сығанақ көшесіндегі Республикалық диагностикалық орталық жолынан өтіп бара жатып: "бомба салынған"дейді.

Жарылғыш зат туралы айналада жүрген басқа куәгерлер де естіген.

Нұр-Сұлтан Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 27 мамыр күні таңертең Республикалық диагностикалық орталығында жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілгенін мәлімдеді.

Осыған байланысты орталықтан адамдар эвакуацияланып, Сығанақ көшесінің учаскесі қоршалды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel