Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаев сахнаға оралған Жанар Хамитоваға қатысты алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев жақында ғана сахнаға оралған бұрынғы әріптесі Жанар Хамитоваға қатысты алғаш рет пікір білдірді. "Қара бала" әншімен қандай қарым-қатынаста екенін ашық айтты деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Отандық шоу-бизнес жұлдызы өзімен "Арнау" дуэтінде өнер көрсеткен бұрынғы әріптесі әрі сүйіктісі болған әншінің сахнаға оралғанына еш таңғалмаған.

"Сахнаға оралғанын естіп те, көріп те жатырмын. Өте қуаныштымын. Мен ол кісінің оралатынын білгенмін негізінде. Ешқандай таңғалыс болған жоқ" , - деді Керменбаев.

Ел арасындағы қауесеттерге нүкте қоймақ болған Нұржан, Хамитовамен дуэт жазуға қатысты өз ойын айтты.

"Халық оны дұрыс түсінбей қалады. Жанармен мен қайтып дуэт жазбаймын. Ол мүмкін емес" , - деді ол.

Керменбаев Жанар Хамитовамен достық қарым-қатынас сақтап қала алмағанын да жеткізді.

"Қазіргі таңда, бір доспыз деп айта алмаймын. Ол кісінің не айтып жүргенін білмеймін. Өйткені, ақиқат айдан анық көрініп тұрады. Қазіргі таңда, ол кісімен мені араластыратын ешқандай тақырып жоқ. Менің интервьюге бармаған себебім де сол. Менің өзімнің жеке өмірім бар, өнерім бар" , - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796284-nrzan-kermenbaev-sahnaga-oralgan-zanar-hamitovaga-katysty-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel