RU

Әлемдегі ең ұзын әйелдер туралы не білеміз?

Әйелдер үшін бойдың ұзын болуы көптеген қиындықтар әкеледі. Мысалы, 21 жастағы Элисана да Крус Сильваның бойы екі метр алты сантиметр болса, оның жігіті бір метр 63 сантиметр ғана. Ендеше, әлемдегі ең ұзын әйелдер туралы білгіңіз келе ме? Бұл сұраққа bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Екатерина Гамова — 202 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Ресейлік Екатерина Гамованың бойы екі метр екі сантиметрді құрайды.

Ол- Ресей Федерациясының еңбек сіңірген спорт шебері. 2010 жылы елдің үздік спортшысы атағына ие болған Екатерина бүгінде спорттан кетіп, жас волейболшыларды дайындауды қолға алды.

Мария Степанова — 203 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Мария Степанованың бойы екі метр үш сантиметрді құрайды. Ол халықаралық жарыстардың чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері және Олимпиаданың қола жүлдегері.

Хизер Грин — 197 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: UGC

Өз бойын мақтан тұтатын Хизер Грин салауатты өмір салтын ұстанады. Лас-Вегас тұрғыны бойы бір метр 97 сантиметр болса да, үнемі ұзын көріну үшін биік өкшелі аяқ киім кюді дұрыс деп санайды.

Линдсей Кей Хейворд — 203 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Линдсей Хейворд реслингпен айналысады. Оның киноға түсуде тәжірибесі бар. Сол үшін ол Гиннес рекордтар кітабына фильмде басты рөлді сомдаған ең ұзын актриса ретінде енген.

Кэролайн Велц — 205 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Кэролин Велц "Германиядағы ең ұзын әйел" атағының иегері. Неміс сұлуының бойы екі метр бес сантиметрді құраса, аяқ киім өлшемі 49 см. Ол басқа қыздар сияқты өмірін сәнгерлікпен байланыстырған.

Мали Дуангди — 208 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

2016 жылға дейін таиландтық Мали Дуангди Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын келіншек ретінде енді. Алайда, бірнеше жыл бұрын ол денсаулығына байланысты өмірден өтті. Ол 24 жасында ми ісігінен көз жұмған.

Цзэн Цзиньлянь — 248 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Twitter

Цзэн Цзиньлянь- тек әлемдегі емес, адамзат тарихындағы ең ұзын әйел. Қытайлық келіншек 1964 жылы дүниеге келіп, 1982 жылы қайтыс болған.

Ол туғанынан омыртқа қисаюынан зардап шеккен.

Трейнтье Кеевер — 254 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Трейнтье Кеевер әлем тарихындағы ең ұзын келіншектердің бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, оның бойы 254-тен 257 сантиметрге дейін болуы мүмкін. Алайда, Трентьенің көп суреттері жоқ. Себебі, XVII ғасырда өмір сүрген қыз 17 жасында көз жұмған.

Сан Фэнг — 221 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Instagram

Қазіргі уақытта Сан Фэнг Қытайдағы ең ұзын әйел атанған. Оның бойы 220 сантиметрден асады.

Зейнаб Биби — 218 см

Фото: bigpicture.ru
Фото: bigpicture.ru: Facebook

Зейнаб Биби — Пәкістандағы ең ұзын әйел. Өз елінде көптеген кемсітушіліктерге тап болған ол көшуге мәжбүр болған. Соңғы жылдарын ол саяси баспана берген Ұлыбританияда өткізген. 2018 жылы 46 жастағы келіншек көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1796289-lemdegi-e-zyn-jelder-turaly-ne-bilemiz.html