Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазнетте үш баланың сатылатыны жайлы хабарландыру пайда болды

Опубликовано:

27 мамыр күні OLX.kz сайтында Ақтауда үш баланың сатылатыны жөнінде хабарландыру пайда болды. Бүлдіршіндерді сатылымға шығарған автор оларды 100 млн теңгеге бағалаған деп хабарлайды "Тумба" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: tumba.kz
Скриншот: tumba.kz: UGC

Хабарландыруды бірінші болып, жергілікті тұрғаныдардың бірі байқап қалған. Ол бірден редакцияға хабарласқан.

Хабарландыруда үш баланы арзан бағаға сатып жатқаны жазылған. Оған қоса, хабарландыруда үш баланың суреті де бар.

Алайда, ары қарай мәселе үйдің сатылымы жөнінде өрбіген.

Хабарландыру 27 мамыр күні сағат 13:18-де ұялы телефон арқылы жарияланған.

Басылымның жазуынша, аталмыш нөмір сөндірулі болған.

Басылым журналистері оқиғаның анық-қанығына жету үшін полицияға хабар берген.

Бейресми әңгімелесуде тәртіп сақшылары осылайша біреудің қалжыңдағысы келген болу мүмкін екенін атап өткен.

Zakon.kz басылымының хабарлауынша, аталмыш хабарландырудың авторы табылды. Маңғыстау облыстық ПД мәліметінше, суретті желіге сол отбасының 10 жастағы баласы ата-анасының рұқсатынсыз жариялап жіберген.

Осылайша ол қалжындамақ болған. Нәтижесінде елді дүрліктірген хабарландыру жойылып, полиция ата-анамен әңгіме жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796300-kaznette-s-balany-satylatyny-zninde-habarlandyru-pajda-boldy/

pixel