Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ТЖД қызметкері батут оқиғасынан бес күн бұрын жұмысынан шығып кеткен

Опубликовано:

Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер Қарағандыда құлаған батуттың иесі туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ол осыған дейін желілер мен БАҚ беттерінде батут иесі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы қызметкері болуы мүмкін деген мәліметке жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: yk-news.kz
Көрнекі фото: yk-news.kz: Facebook

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Қарағанды облысы бойынша ТЖД қызметкері батут құлаған оқиғадан бес күн бұрын жұмыстан шығып кеткенін хабарлаған. Яғни, ол төтенше жағдай орын алған күні жұмыссыз болған.

Осыған байланысты, әлеуметтік желілерде қызметкерді "артқы уақытпен" жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін екені туралы пікірлер жиілеген.

"Тексеріс жүргізілді. "Артқы уақытпен" ешкімді жұмыстан шығармаған. Ол қызметкер бізде 2011 жылдан 2019 жылға дейін жұмыс істеген. Өзі жеке кәсіппен айналыспаған.
Бұл кәсіппен оның әйелі айналысқан. Ол ЖК-ні 2018 жылы тіркепті. Ал күйеуі, жанұя мүшесі ретінде оған көмектесіп жүрген. Сол себепті, келіншек полицияға күйеуі өзіне көмектескенін айтқан", - дейді ТЖК төрағасы Владимир Беккер.

Айта кетейік, Қарағандыда құлаған батут салдарынан 11 жастағы бала көз жұмды. Тағы екі бала ауруханаға түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796330-karagandydagy-batut-okigasy-tzd-kyzmetkeri-okigadan-bes-kn-bryn-zmystan-sygyp-ketken/

pixel