RU
Алматыда жүк көлігі жолаушыға толы автобусты соғып кетті (фото)

Алматыда жүк көлігі жолаушыға толы автобусты соғып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда жүк көлігі адамдарғы толы жолаушылар автобусын соғып кетті деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Басылым ақпараты бойынша, жол-көлік оқиғасы Сүйінбай даңғылында болған.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі соқтығысқан сәтте қоғамдық көліктің студенттерге тола болғанын айтады.

Оңтүстік бағытта келе жатқан автобус жаяу жүргіншіні өткізу үшін жолаушылар жолағының алдында тоқтаған. Бұл уақытта қасындағы үш автокөлік те тежегішті басыпты.

Қарт әйел жолаушылар көлігі алдынан өткен соң бірден тежегішті дауысы шыққан.

Осы сәтте терезеге қараған жүргізуші жеңіл көліктер жаққа жүріп бара жатқан жүк көлігін байқайды. Алайда, ауыр көліктің жүргізушісі кенеттен бағытын автобус жаққа бұрып жібереді.

Жолаушылар автобусының жүргізушісі жол апатынан сақтанбақ болып, газды басқанымен, соқтығысудың алдын ала алмаған.

Осылайша, жүк көлігі адам толы автобусқа соқтығысқан. Қоғамдық көліктің ішінде құлаған жолаушылар қатарында екі студентке медициналық көмек қажет болыпты.

Медицина қызметкерлері жәбірленушілерді ауруханаға жеткізді.

Енді оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel