RU
Қазақстанның қай өңірінің қыздары пәктігін тіктіріп алып, тұрмыс құрады?

Қазақстанның қай өңірінің қыздары пәктігін тіктіріп алып, тұрмыс құрады?

Рассказать Вконтакте

Елордалық гинекологтар пәктігін қайта қалпына келтіріп алып, тұрмыс құратын арулардың көбейіп кеткендігін алға тартты. Өкініштісі әлгіндей әрекеттерге баратын қыздардың қатарында оңтүстіктің бойжеткендері көп екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: rus.tvnet.lv

Көрнекі фото: rus.tvnet.lv

Астанада жекеменшік клиникада гинеколог болып қызмет ететін маманның айтуынша, қазақстандық арулар пәктігін тіктіріп алып, тұрмысқа шығуды сәнге айналдырған. ­Өкініштісі олардың қатарында өрімдей жас қыздар да бар екен.

"Қыздардың жас ерекшелігі әркелкі. Мәселен 18 жастан бастап, 25 жасқа дейінгі аралықты құрауы мүмкін. Көп жағдайда жігіттерге алданып қалған қыздар мұндай қадамға барады. Ер адамдардың жауапкершілігі өте төмен.

Қызбен бірге болып алған соң, оны керексіз етіп тастап кетеді. Сосын қыз уақыт өте келе, жақсы жігітті кездестіреді.

Сөйтіп оған тұрмысқа шығатын болады, бірақ бұрынғы өмірі жайлы тіс жармайды. Өмір ғой, өмірде түрлі жағдайлар болады? Ондай әрекетке баратын қыздарды сөгіп қажет емес", - дейді маман.

Сонымен бірге гинеколог қай аймақтың арулары пәктікті қалпына келтіру отасын жиі жасайтынын айтты.

"Көбінесе Кавказ ұлтының қыздары мен оңтүстік өңірдің қыздары мұндай қадамға жиі барады. Атап айтатын болсақ Шымкент, Қызылорда, Тараз. Ол жақта қыздыққа қатты көңіл бөлінетінін білемін.

Біздің жақта "Қыз болмасаң, адам емессің" деп соңғы сөздерін айтып отырады. Гинекологияда жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келемін.

Бірақ қазір қыздықты қалпына келтіру отасы бұрынғыдан әлдеқайда көп деп айта аламын. Жастар сауатты, интернет деген бар. Ғаламтордан тауып, алдын ала қабылдауға жазылып, келіп жасатады. Ол біздің жұмыс, жекеменшік клиника болғандықтан, барынша көп қызмет түрін ұсынуға тырысамыз", - деді маман.
Сіздің реакцияңыз
21
5
4
6
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel