RU
"Жын шығарамын": Ақтөбелік діндар емші жігітті таяқпен ұрып, үйіне қамаған
Жаңалықтар Қоғам

"Жын шығарамын": Ақтөбелік діндар емші жігітті таяқпен ұрып, үйіне қамаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе полицейлер дін жолында жүріп, халықтың санасын улап жүргендермен күресуге көшті. Полицейлердің мәліметінше, соңғы уақытта психологиялық ауытқуы бар жандарға ішіндегі "жынды" шығаруға көмектесеміз деп жүрген дін ұстанушы азаматтар көбейген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: zamana.kz

Көрнекі фото: zamana.kz

Діндар емшілерден зорлық көрген тұрғындар полицияға шағым айтып келуде.

"Соңғы уақытта қоғамда психологиялық ауытқуы бар адамдардың ішіне кірген "жынды" шығаруға көмектесеміз деп жүрген дін ұстанушы азаматтар көбейді.

Мәселен, мамыр айында Ақтөбе қаласында деструктивті діни ағымды ұстанушы емделушінің ішіне жын кірген деп, еріксіз үйге қамап, таяқпен ұрып, әртүрлі жағымсыз ұнтақ тектес қоспаларды ішкізген.

Жәбірленуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін, полиция қызметкерлеріне жүгінді. Нәтижесінде, "емшіге" қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 424-бабына сәйкес, "заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу" фактісі бойынша сот шешімімен айыппұл салынды", - деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дін жолындағы емшілер дұға оқығандары үшін 3000-10000 теңге көлемінде ақша алып отырған.

Сіздің реакцияңыз
2
2
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel