RU
32 жасын дүркіретіп атап өткен Луинаға сүйіктісі сақина сыйлады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

32 жасын дүркіретіп атап өткен Луинаға сүйіктісі сақина сыйлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше 32 жасқа толып, сүйіктісі мен достарының арасында мерейтойын атап өткен Луина тағы бір жақсы жаңалығымен бөлісті. Әншіге өзінен жеті жас кіші ғашығы сақина сыйлаған деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әнші сүйгені Артем Обухов сыйлаған сақина туралы және өздерінің жас айырмашылығы жайлы айта кетті.

"Оның менен жеті жас кіші екенін жасырмай айта беремін. Ол ересек азамат. Кез-келген уақытта арқа сүйеуге болады. Менің ойымша, арқа сүйер азаматқа жолықтым. Мұның мәңгілікке созылғанын қалар едім", - деді Луина.

Сондай-ақ әнші сыйлыққа алған сақинасын да сөз етті.

"Мен өзіме сақина таңдағым келді. Бұл сыйлықты маған Артем сыйлады. Бірақ өзім таңдап алдым", - дейді өнер иесі.

Луинаның айтуынша, ол ғашығымен неке жүзігін де қарастырған.

Естеріңізге сала кетейік, әншінің тойына отандық әнші Кентал да өз сүйіктісімен келген болатын.

Сіздің реакцияңыз
4
1
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel