RU
Батут құлап, бір бала қаза тапты: Қарағандыда оқиға орнына гүл шоқтары қойылды
Жаңалықтар Қоғам

Батут құлап, бір бала қаза тапты: Қарағандыда оқиға орнына гүл шоқтары қойылды

Рассказать Вконтакте

11 жастағы Борис Рудаков қаза тапқан Қарағандының орталық паркі қалалықтардың қасірет орнына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Тұрғындар оқиға орнына ойыншықтар мен гүлдер қойып, баланың өліміне қайғырды.

Қайғылы жағдай бәріне қатты әсер етті.

"Ол құрылыс алаңында, ашық шұңқырда қайтыс болған жоқ. ОлҚарағандының ортасындағы ірі мәдениет және демалыс паркінде қаза тапты.

Шенеуніктер батуттарды алып тастауды бұйырды. Ал шын мәнінде ше? Батуттар бұрынғы орындарында тұр. Олар халықты тыныштандыру үшін ғана осылай айтты.

Ең болмаса қайтыс болған баланы құрметтеп, батутты қоймаға жинап тастауы қажет еді. Бәрі басылып, бірнеше күн өткеннен соң, бұл ескі, кір, қауіпсіздік ережесіне сай келмейтін батуттар қайтадан іске қосылатынына сенімдімін", - деді қарағандылық Екатерина.

Ол өзінің қызын батутқа жібермейтінін жеткізді.

"Парк базарға айналған. Қыдыру мүмкін емес. Барлық жағыңнан: мынаны сатып алыңыз деген дауысты естисің. Парк парк болып қалуы керек", - деді Екатерина.

Еске сала кетсек, 25 мамыр күні Қарағандыда батут аударылып, бір бала көз жұмды. ІІМ балалар батуты қызметін уақытша тоқтата тұруға шақырды.

Кейінірек, желіде оның құлаған сәтінен видео пайда болды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel