RU
"Нағыз азаматсың": Нағима Есентаева түрмедегі ағасына әсерлі жазба арнады
Жаңалықтар Қоғам

"Нағыз азаматсың": Нағима Есентаева түрмедегі ағасына әсерлі жазба арнады

Рассказать Вконтакте

Бақытбек Есентаевтың туған қарындасы түрмеде жазасын өтеп жатқан ағасына арнап жантебірентерлік жазба қалдырып, туған күнімен құттықтады. Нағима Есентаева құттықтау хатын өзінің Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ағасын туған күнімен құттықтаған Нағима Есентаева оның түрмеден аман-есен шығып, орталарына оралатынын жеткізген.

"Әкеден көретін қамқорлықты, анадан көретін мейіріміңді, бәрін бір өзің көрсете білген ағатайым менің. Бүгінгі туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймын! Саған тек кәзіргі уақытта денсаулық, сабырлық, төзім тілеймін!
Аман-есен шығып ортамызға келген соң, басқасының бәрін өзің жасайтыныңа сенемін. Сен нағыз азаматсың. Мен сенімен мақтанамын, марқаямын, асқар тауым...", - деп жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары Есентаеваның бұл жазбасына жарыса пікір жазуда.

Олардың бірі Бақытбектің Есентаевтың көп ұзамай оралатынын айтса, енді бірі оған ақжарма тілектерін арнаған.

Сіздің реакцияңыз
4
3
0
6
9
60
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel