RU
Шымкентте 20 рет үй тонаған әккі ұры қолға түсті

Шымкентте 20 рет үй тонаған әккі ұры қолға түсті

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы мен Шымкент қаласында үй тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды. Полицияға шағым түсірген ер азамат бағалы заттарының қолды болғанын айтқан деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: 1tulatv.ru

Фото: 1tulatv.ru

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының тұрғыны жергілікті полицейлерге үйіне терезе арқылы ұры түсіп, 2 мың АҚШ доллары мен өзге де бағалы заттарын қолды еткені туралы шағым түсірген.

Жалпы келген шығын 1 500 000 теңгені құраған. Аталған оқиғаға қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс тіркеп, жедел іздеу шараларына кіріскен.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, үй тонау фактісіне қатысы бар деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғыны Шымкент қаласынан ұсталды.

Ол бұған дейін де бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотты болды.

"Тергеу барысында ұсталған ер адамның Сарыағаш ауданы мен Шымкент қаласында шамамен 20 пәтер ұрлығына қатысты екені анықталды. Бұлтартпас айғақ ретінде полицейлер терезеден саусақ іздерін алды, қолды болған заттар мен қолғаптарды тәркіледі. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің "Ұрлық" 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті тұтқындалды. Ұрланған заттардың бір бөлігі заңды иесіне қайтарылды", -деді департменттегілер.
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel