RU
Жол бойындағы полиция бекеттері алынып тасталатын болды
Жаңалықтар Қоғам

Жол бойындағы полиция бекеттері алынып тасталатын болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда жол бойындағы және қаланың кіре берісінде орналасқан бекеттер біртіндеп жойылатын болды. Полиция бекеттері тек өзге мемлекетпен шекара аймағында, периметр бойымен қалады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол бойындағы және қала кіре берістеріндегі полицей бекеттері қысқартылатын болды

Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ

Мұндай шара ІІМ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерін жүзеге асыру жоспары аясында қабылданды.

Бекеттер 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап біртіндеп қысқартыла бастайды. Бір ай көлемінде бекеттер тізімі жасалады.

«Ішкі бекеттер ғана қысқартылады, еліміздің шекараларында периметр бойымен сақталады. Іштегі бекеттер алынып, 300 жуық қызметкер нығайтуды қажет ететін басқа қызметтерге ауыстырылады.
Бекеттердің ғимараттары қонақүйлерге беріледі, қыс кезінде жылыну пунктері ұйымдастырылуы мүмкін. Ғимарат жолда қиын жағдайда қалған азаматтарға көмектесетін орын ретінде пайдаланылады», - деп түсіндірді ІІМ -нің орынбасары Алексей Калайчиди.

Тыйым салынған заттардың кіргізілуін шекарада бақыланатынын болады. Министр орынбасарының сөзінше, ел аумағында ІІМ-нің полицей бекеттерінен басқа да бақылау құралдары бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
16
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel