RU
Жыланмен бірге селфи жасамақ болған азамат ауруханадан бір-ақ шықты

Жыланмен бірге селфи жасамақ болған азамат ауруханадан бір-ақ шықты

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Красноярск қаласында оқыс оқиға орын алды. Жергілікті "Столбы" қорығына барып, жыланмен селфи жасамақ болған ер адам жорғалаушының шабуылына тап болған. Жылан оны шағып алып, азамат аурухадан бір-ақ шыққан деп хабарлайды islam-today.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Lenta.ru

Көрнекі фото: Lenta.ru

Ер адамның досының айтуынша олар 26 мамыр күні қорыққа барған. Жолда олар ұзындығы 30-40 см болатын қара жыланды кездестірген.

"Басында жыланды мен де ұстаған едім. Ол мені тістегісі келді, бірақ мен мүмкіндік бермедім. Ал досымның оң қолының үлкен саусағын тістеп алды. Біз оның улы жылан екенін білмедік", - дейді ол.

Біраз уақыттан кейін оның досының қолы түгелдей ісіп кеткен. Олар сол арада жедел-жәрдем шақырған екен. Мамандар ер адамның қолы улы жыланның әсерінен ісіп кеткенін анықтаған.

Бүгінде ер адам ауруханада жатыр. Ол тек бір аптадан кейін ғана үйіне жөнелтілетін көрінеді.
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel