Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлық дәрігерлер 14 саусағы бар сәбиді қарапайым адам қатарына қосты

Опубликовано:

Қытайлық дәрігерлер қолында 14 саусағы бар 3 жастағы бөбекке ота жасады. Қыз бала дүниеге әр қолында екі саусақтан артық мөлшермен туған деп хабарлайды islam-today.ru-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: islam-today.ru
Көрнекі фото: islam-today.ru: Depositphotos

Бір қызығы мұндай жағдай қыздың ата-бабаларында осымен бесінші рет қайталанып отыр екен.

Отбасының жағдайы болмағандықтан, олар бұған дейін ота жасай алмаған екен. Нәрестеге Қытайдың Ляонин провинциясындағы Шеньян медициналық колледжінің ауруханасында ота жасалған.

Дәрігерлер аталмыш отаның нәрестенің денсаулығына еш әсері болмайтынын атап өткен.

"Біз соңғы сәтке дейін қыз баланың қай саусағын алып, қайсысын қалдыру қажеттігін білмедік. Қуаныштысы ота сәтті аяқталды", - дейді қол хирургиясы сарапшысы Чжан Цзе.

Одан бөлек дәрігерлер бөбектің қисайған саусақтарын түзулеген екен. Жеткіншектің қолы отадан кейін де, жұмыс жасауын тоқтатпаған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1796481-kytajlyk-drigerler-14-sausagy-bar-sbidi-karapajym-adam-kataryna-kosty/

pixel