Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Air Astana бортта шу шығарған Ұлыбритания азаматын ұшақтан түсіріп кетті

Опубликовано:

Транспорт полицейлері Ұлыбритания азаматын әкімшілік тәртіп бұзушылық әрекеті үшін "Лондон-Нұр-Сұлтан" әуе рейсінен түсіріп тастады. Бұл туралы «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Air Astana рейсінде шу шығарған Ұлыбритания азаматын ұшақтан түсіріп тастады
Көрнекі фото: BNews.kz: UGC

Нұр-Сұлтан әуежайының кезекші желілік полиция бөліміне Air Astana компаниясының өкілі ұшақ рейсінде тәртіп бұзушы бар екені хабарлаған.

Тексеру жүргізген транспорттық полицейлер 24 жастағы Ұлыбритания азаматын анақтаған.

Ер адам жолаушылар мен бортсеріктерге тіл тигізгені үшін ұшақтан түсірілді.

Ол бортсеріктің жазбаша ескертуіне ағылшын тілінде оқи алмайтынын айтып, жолаушыларды балағаттаған.

Бұзақы қатты айғайлап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспай, жолаушыларға қызмет көрсетуге кедергі келтірген.

Азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, үш АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша тағы бір әкімшілік іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының арнайы ауданаралық соты ер азаматқа бес АЕК көлемінде айыппұл салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1796483-air-astana-bortta-su-sygargan-lybritania-azamatyn-saktan-tsirip-ketti/

pixel