Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрдайым жақсы болады": Мемлекет басшысы Лукашенкомен кездесті

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әрдайым жақсы болады": Мемлекет басшысы Лукашенкомен кездесті
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы Беларусь басшысына ілтипат білдірді және олардың бұл кездесуі еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан деп аталғаннан кейін бірінші рет өтіп отырғанын айтты.

"Біз сіздің қызметіңізді мұқият бақылап, еліңізді дамытудағы зор жетістіктеріңізді айтып отырамыз. Сіз Президент лауазымында ұзақ жылдан бері қызмет етіп келесіз және мемлекетіңіздің беделі мен әлеуетін нығайту үшін бар мүмкіндікті жасап жатырсыз", – деді президент.

Александр Лукашенко дәстүрлі түрде жылы қарсы алғаны және кездесуге мүмкіндік туғызғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

"Әрдайым жақсы болады": Мемлекет басшысы Лукашенкомен кездесті
Фото: Ақорда: UGC

Беларусь басшысы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың рөлін ерекше атап өтіп, елімізде болып жатқан ішкі саяси үдерістерге оң баға берді.

"Біздің қарым-қатынастарымызға келер болсақ, ол әрдайым жақсы болады. Сіздермен бірге ынтымақтастығымыз нақты бағыттар бойынша ілгерілей беретініне күмәнім жоқ", – деді Лукашенко.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардағы, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1796486-rdajym-zaksy-bolady-memleket-bassysy-lukasenkomen-kezdesti/

pixel