RU
"Жақындағы көрші артық": Жээнбеков Тоқаевты Қырғызстанға шақырды
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Жақындағы көрші артық": Жээнбеков Тоқаевты Қырғызстанға шақырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жақындағы көрші артық": Жээнбеков Тоқаевты Қырғызстанға шақырды

Фото: Ақорда

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.

"Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы артып келеді. Үкіметаралық, парламентаралық деңгейде жұмыс істеп келеміз. Әлемдік және аймақтық ұйымдарда да біргеміз. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты мен одан әрі дамытуға бар күш жігерімді саламын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Жақындағы көрші артық": Жээнбеков Тоқаевты Қырғызстанға шақырды

Фото: Ақорда

Қырғыз басшысы жылы кездесуге ризашылығын білдіріп, мемлекетаралық байланыстардың достық сипатын атап өтті.

"Алыстағы ағайыннан жақындағы көршіні артық көретін біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бүгінде үкіметаралық жол картасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өзіңізді Қырғыз Республикасына сапармен келуге шақырамыз", – деді Сооронбай Жээнбеков. 
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel