RU
Назарбаев Жээнбековті орденмен марапаттады

Назарбаев Жээнбековті орденмен марапаттады

Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, оған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденін табыс етті деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі.

Фото: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Елбасы бауырлас екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

"Біз - бір-бірімізге жақын, бауырлас халықпыз. Мен сіздің еліңізді жақсы білемін. Қазақстан алдағы уақытта да сізді қолдайтынына сенімдімін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал Сооронбай Жээнбеков жоғары марапат тапсырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, Елбасының Орталық Азия халықтарының достығын нығайту ісіндегі ерекше рөлін атап өтті.

"Сіз Түркі әлемінің көшбасшысы саналасыз. Сіз Орталық Азия елдерінің достығын нығайту ісіне зор үлес қостыңыз. Мен үшін қазақ халқының Елбасысынан орден алу зор мәртебе. Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін", - деді Қырғызстан президенті. 
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel