RU
Төсін жалаңаштаған атышулы экс-депутат ұзын көйлек киіп, басына орамал тақты (фото)

Төсін жалаңаштаған атышулы экс-депутат ұзын көйлек киіп, басына орамал тақты (фото)

Рассказать Вконтакте

Омырауы айқын көрінетін киіммен подиумға шыққан астаналық экс-депутат Динагүл Тасова күні кеше ғана желіге хиджабқа ұқсас көйлек киген суретін жүктеді. Сәнгердің бұл суретін желі қолданушылары қызу талқыға салуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш суретіне Тасова:

"Менде екі жаңалық бар: біріншісі, мен бәрібір өзгелерден ерекшемін. Оны қайта түзетуге тырысу мүмкін емес. Екіншісі, мен бұл мүмкіндігімді пайдалана аламын", - деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бір кездері төсін жалаңаштаған арудың бұл суретіне дән риза болған. Олар "Сізге өте жарасымды", "Бұрыннан неге осылай болмадыңыз?", "Орамал жарасады екен" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, экс-депутат бұған дейін ұлттық киім киген суретін желіге жүктеген еді.

Сондай-ақ ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында былтырғы жылы жігітімен не себепті ажырасқанын айтып, атышулы оқиғаның қалай болғанын баяндап берген еді.

Сіздің реакцияңыз
12
3
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel