Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соңғы қоңырауда еңіреп жылаған түлектер көптің ыстық ықыласына бөленді

Опубликовано:

Елімізде күні кеше ғана соңғы қоңырау соғылған еді, желіде мектеп түлектерінің көздеріне жас алып, алтын ұяларымен қимай қоштасқан сәті тарап кетті. Желі қолданушылары эмоцияға ерік берген оқушыларды сабырға шақырып, ақ жол тілеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ.
Коллаж: NUR.KZ.: Instagram

Түлектердің көз жастарына ерік беріп, бір-бірін құшақтап, жылап жатқан сәті Instagram желісіндегі бірнеше пабликте пайда болған.

Онда 11-сынып оқушыларының еңіреп жылап, бір-біріне қолдау көрсетіп жатқан тұсы көрсетілген.

Желі қолданушылары түлектердің бұл әрекетін балалық деп, оларға ақ тілектерін жаудырып жатыр.

Оқырмандар "Тек бақыттың көз жасы болсын", "Ақ жол, ақ түлектер", "Сәт сапар сіздерге", - деген тілектерін қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796509-sogy-koyrauda-eirep-zylagan-tlekter-kpti-ystyk-ykylasyna-blendi/

pixel