Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам автобус пен көлік арасында қысылып қалды

Опубликовано:

Алматының Райымбек пен Момышұлы көшелерінің қиылысында ер адам автобус пен көлік ортасында қысылып қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматыда ер адам автобус пен көлік арасында қысылып қалды
Фото:Sputnik/Стрингер: Facebook

Куәгерлердің сөзінше, Nexia көлігі Райымбек бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Момышұлы көшесінен өткеннен кейін жүргізуші танысын көріп, аялдаманың жанына тоқтапты.

Жаяу жүргінші көлікті айналып өтіп, сол жақ артқы орындыққа отырмақ болған.

Алматыда ер адам автобус пен көлік арасында қысылып қалды
Фото:Sputnik/Стрингер: Facebook
Осы сәтте автобус жолағымен келе жатқан №31 бағыттағы автобус жүргізушісі жүргіншіні байқамай, оны қысып қалған.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда жаяу жүргінші ауруханаға барудан бас тартқан.

Оқиға орнына жол полиция қызметкерлері келіп, мән-жайды анықтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796522-almatyda-er-adam-avtobus-pen-klik-arasynda-kysylyp-kaldy/

pixel