RU
Алматыда жол апатына түскен екі түлек жансақтау бөлімінде жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жол апатына түскен екі түлек жансақтау бөлімінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жол апатына тап болған екі түлек жансақтау бөліміне түсті. Жол-көлік оқиғасынан жалпы төрт адам зардап шеккен деп хабарлайды "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Оқиға Алматы-Талдықорған тас жолында орын алды. Жол апаты салдарынан ауруханаға түрлі жарақат алған 2001-2002 жылы туған төрт адам жеткізілді. Олардың үшеуі бір мектептің түлектері болып шықты. Анықталғандай, көлік тізгінінде мектеп бітірушілердің бірі болған.

Қазіргі таңда зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бір жігіт аса ауыр жарақат алған. Оның мойын бөлігіндегі омыртқа жотасы сынып, жұлынына зақым келген. Жасөспірім өздігінен тыныс ала алмағандықтан, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Дәрігерлер жігіттің омыртқа жотасын орнына қоя алған. Алайда, бұл ешқандай нәтиже бермеген.

"Науқас аса ауыр жағдайда жатыр. Екіншісінде сан сүйегі, тобығы сынған" , - деді Көксу аудандық ауруханасының дәрігері Шыңғыс Рахимов.

Тағы екі зардап шегуші үйлеріне қайтарылды. Олар жеңіл жарақаттармен құтылған.

Мектеп директоры зардап шеккендердңғ үшеуі бір мектептің түлектері екенін растады. Оған қоса, ол түлектердің денсаулығына байланысты емтиханнан босатылғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel