RU
ШҚО-да таныстарының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

ШҚО-да таныстарының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Рассказать Вконтакте

Бір жарым жылда 47 жастағы Семей тұрғыны таныстарының сеніміне кіріп, олардың аттарына ақшалай несие рәсімдеп келген. Бүгінгі таңда осындай жеті факті тіркелген деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ШҚО тұрғыны алаяқтық жолмен таныстарына несие рәсімдеген

Фото: Петр Карандашов/NUR.KZ

Жалпы шығын көлемі төрт миллион теңгеден асады.

"Соңғы күндері Семей қаласының полиция басқармасына Бесқарағай ауданының тұрғындарынан бірнеше арыз түсті. Тергеу нәтижесінде 47 жастағы әйел адамның бір жарым жыл бойы таныстарының сеніміне кіріп, оларға ақшалай несие рәсімдегені анықталды. Құжаттарды өткізгеннен кейін ол таныстарына несие мақұлданбағанын айтып, ақшаны өзіне қалдырып отырған", - деді ведомство өкілдері.

Аталмыш факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары атқарылуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel