RU
Нұр-Сұлтанда тағы бір бала құдыққа құлады
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтанда тағы бір бала құдыққа құлап, мерт бола жаздады

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда тағы бір бала ашық тұрған құдыққа құлады. Абырой болғанда, баланы өтіп бара жатқан жүргінші алып шығып үлгерген. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда тағы бір бала құдыққа құлады

Көрнекі сурет:Fotolia/Female photographer

23 жастағы дене шынықтыру мұғалімі Еркебұлан Жайлау кешкі бес шамасында мектептен келе жатып, әйел адамның айғайлаған дауысын естіп, көмекке асыққан.

“Бала велосипедпен құдықтың қақпағана сүйеніп, құлап кеткен. Жүгіріп келіп, люкті көтердім, ол жартылай ашық болды. Бала тағы бір люктің астында жатты. Оған қолыңды соз деп, оны қолынан тартып, алып шықтым”, - деді №72 мектеп-лицейдің дене шынықтыру мұғалімі Еркебұлан Жайлау.

Ер адам құтқарылған баланы жылап тұрған әйелге тапсырған. Кішкентай бала алты жас шамасында екен. Ол әбден қорқып қалған.

Еркебұланның айтуынша, құдық қақпағы бекітілмегендіктен баланың салмағынан айналып кеткен.

Мұғалім өз ісін ерлік деп есептемейді. Оның сөзінше, әрбір азамат солай істер еді.

“Еркебұлан игі іс жасады. Бірақ құдықтар бақыланып, жабылуы тиіс. Әкімдік қайда қарап отыр? Бұл елорда ғой қанша айтқанмен”, - деді Еркебұланның әріптесі Дәулет Есентаев.

Әкімдікте баланың құлағанын әлеуметтік желіден естіген. Баланың ата-анасы жергілікті билік өкілдеріне де, полицияға да шағымданбапты.

Енді шенеуніктер кәріз құдығының кімнің қарамағында екенін анықтауға тиіс.

“Бұл құдық әкімдікке қарамайды, жеке кәсіпорындікі болуы мүмкін. Тұрғындардың ресми түрде арызданғанын күтіп отырмыз. Адам өміріне қауіп төнген болса, шара қолданамыз. Әкімдік ретінде, ол кәсіпорынға қатысты шара қолданылғанын талап етеміз”, - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін Бақыт Сұлтанов үш ай бұрын әрбір құдықты қауіпсіз етуді уәде еткен болатын.

“Барлық құдықтарға қосымша полиэтиленді тор орнату шешілді. Люк ұрланғанның өзінде адамның құлауын болдырмайтын болады”, деді Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетейік, елордада 100 аса кәріз құдығы бар. Астанада 16 ақпан күні жоғалып кеткен он үш жастағы жетіншектің денесі үйінің қасындағы құдықтан табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel