Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тек рахмет айтып кетті": Ақтөбеліктер Димашқа не үшін ренжіді? (видео)

Опубликовано:

Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерекелік концертіне Димаш Құдайберген келді. Ұйымдастырушылар отшашу болатын сәтте Димашты концерттің тосынсыйы етпекші болған.​ Дегенмен, мега-жұлдыздың келетінін алдын ала біліп алған ақтөбеліктер орталық саябаққа сыймай кетті деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.​

"Тек рахмет айтып кетті": Димашты күткен ақтөбеліктер саябаққа сыймай қалды (видео)
Фотоколлаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Екі мөлтек ауданның арасын толықтай қамтыған жүз мыңға жуық тұрғын Димашқа барынша құрмет көрсетті.

Ақтөбенің туған күніне арналған гала концертте құттықтау сөз сөйлеген жұлдыз облыс әкіміне алғысын білдіріп, басын иді.

"Тек рахмет айтып кетті": Димашты күткен ақтөбеліктер саябаққа сыймай қалды (видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Facebook
"Сіздердің пейілдеріңізге, ықыластарыңызға шын жүректен алғыс білдіргім келеді.​ Ақтөбе қаласының 150 жылдығы құтты болсын. Осынау айтулы шараға куәгер болғаным үшін өзімді бақытты санаймын. Сіздерді мерекемен құттықтау үлкен мәртебе. Мұндай сәт туа бермейді. Мен секілді жас балаға құрмет көрсетіп жатқан Оңдасын ағама үлкен рахмет. Аға, рахмет, жасай беріңіздер", - деді Димаш Құдайберген.

Қайталанбас даусымен жүректерді тербетіп жүрген әнші бұл жолы жүз мыңға халықтың алдында толқып тұрып сыр шертті.

"Мені өмірге үйреткен ұстаздарыма алғысым шексіз. Сіздердің көз алдарыңызда өсіп келе жатырмын. Сәті түссе алдағы жылдары алдарыңызға үлкен жеке концертіммен келгім келеді", - деді Димаш.

Облыс әкімі әншінің омырауына Ақтөбе қаласының 150 жылдық төсбелгісін тағып, ықылас гүлін сыйлады.

Дегенмен, Димаш кешегі мерекелік кеште құттықтау сөзі мен ыстық лебізін ғана айтты. Періште дауысты әншінің үнін тыңдауды армандаған ақтөбеліктер оны 23:00-ге дейін күткен болатын.

"Тек рахмет айтып кетті": Димашты күткен ақтөбеліктер саябаққа сыймай қалды (видео)
Фото: KAZ.NUR.KZ: Instagram
Арнайы хабарланбаса да, бірнеше сағат бойы Димашты күткендердің қатарында үлкен әжелер, емізулі баласымен жүрген аналар көп болды.

Димаш бүлдіршіндердің маңдайынан сүйіп, ақтөбеліктермен суретке түсіп қоштасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1796544-tek-rahmet-ajtyp-ketti-dimasty-ktken-aktbelikter-saabakka-syjmaj-kaldy-video/

pixel