RU
Анасының аяғын жуып, бірнеше рет сүйген Ұшқын Жамалбек сынға қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Анасының аяғын жуып, бірнеше рет сүйген Ұшқын Жамалбек сынға қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Төреғали Төреәлі анасының аяғын жуып, желіге жүктеген видеосымен жұртты шулатқан болатын. Енді хитменнің жолдаған эстафетасын Ұшқын Жамалбек қабылдап алып, ол да Instagram парақшасына анасының аяғын жуған видеосын жариялап қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

"Ассалаумағалейкум, қадірлі ағайын! Рамазан айында бастау алған "Жұмақтың кілті" атты эстафетаны өнердегі бауыр, дос Төреғали Төреәліден қабыл алдым. Осы бір баға жетпес үрдісті өнерде аға- бауырға жолдаймын. Аналарымыз аман болсын", - деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушылары өнер иелерінің жаппай жасаған осы әрекетін ұнатпай, түрлі пікір білдірді.

"Естеріңе енді түсті ме?", "Анасы жоқ адамдар не істейді?", "Көрсетпей-ақ жасай бермейсіңдер ме?".

"Анасының аяғын жуып, онысын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салу не сән? Не құтыру? "Жұмақ анаңның табанының астында" дегенді білеміз, берік ұстанамыз. Бірақ видеоға түсіріп, жұртқа жариялап жарысқанды алғаш көруім".

"Осының бәрін бастап жүрген оңай табысқа, атақ-мансапқа мастанған, қоғам шындығынан алыстап кеткен әншісымақтар. "Ата-ананы сыйлау", "құрметтеу" деген еш жариясыз, риясыз атқаратын пенденің күнделікті тіршіліктегі міндеті емес пе?! Құдай алдындағы борышын рия болады деп қорықпай, жариялайтын діни буквализмге, фанатизмге ұрына бастадық", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Төреғали Төреәлі желіге анасының аяғын жуып, сүйген видеосын жүктеген болатын.

Сондай-ақ, KAZ.NUR.KZ анасының аяғын сүйіп, желіге жүктеген әншілердің тізімін де жариялады.

Сіздің реакцияңыз
18
2
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel