RU
"Игра престолов" жұлдызы сериал аяқталған соң ішімдікке салынып кеткен
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Игра престолов" жұлдызы сериал аяқталған соң ішімдікке салынып кеткен

Рассказать Вконтакте

"Игра престолов" телехикаясында басты рөлді сомдаған Кит Харингтон жасырын түрде реабилитация орталығында ем қабылдауда деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Игра престолов" аяқталғанына қамыққан актер ішімдікке салынған

Фото: interesno-e.ru

Телехикаяның аяқталуы актерге қатты әсер етіп, ол стресспен күресіп, маскүнемдіктен емделіп жатыр.

Агентттіктің мәліметінше, Кит Харрингтон Коннектикут штатындағы Prive-Swiss емханасында емделуде.

Ол психологиялық тренингтерден өтіп, когнитивті мінез-құлық терапиясы мен медитация курсынан өтуде.

Емханада бір ай емделу құны 120 мың доллар тұрады.

"Игра престоловтың" аяқталғаны Кит үшін ауыр соққы болды. Бұл бірнеше жылдық ерен еңбегінің қортындысы, соңы болды. Емханаға стресс пен қажу, сондай-ақ маскүнемдік салдарынан түсті", - деді актердің досы.

Телехикая түсірілімі кезінде танысқан Харингтонның жұбайы Роуз Лесли актердің жанында екен.

Сіздің реакцияңыз
0
2
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel