RU
Рамазан айы: Пітір садақаны қай уақытқа дейін беруге болады?
Жаңалықтар Қоғам

Рамазан айы: Пітір садақаны қай уақытқа дейін беруге болады?

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айында берілетін пітір садақаға қатысты тұрғындар арасында көп сауалдар туындайды. Садақа Қадір түніне дейін берілуі керек пе деген сұраққа muslim.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жауап береді.

Пітір садақаны қай уақытқа дейін беруге болады?

Көрнекі сурет: 24.kz

Негізінде пітір садақасы айттың бірінші күні, таң намазы кіргеннен бастап міндеттеледі.

«Ораза – Рамазан айында ұсталады, пітір садақасы – ауыз ашқан күні (айттың бірінші күні) беріледі, құрбан – құрбан айтта сойылады», – делінген Пайғамбарымыздың хадисінде.

Дегенмен пітір садақасын айттың алдында, рамазан айында да беруге болады. Ал айт күнінде пітір садақасын бір жағдайлармен беріп үлгермей қалған болса, айттан кейін беруі керек.

Пітір садақаны айт намазы басталмай тұрып беру – мұстахаб. Өйткені Пайғамбарымыз пітір садақасын айт намазына шықпай тұрып беретін болған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel