Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік 26 жастағы бес баланың анасы енемен тату болудың сырын ашты

Опубликовано:

26 жасында бес баланың анасы атанған ақтөбелік келіншек бақытты отбасы болу құпиясымен бөлісті. Ата-енесімен бірге тұратын келін "шаңырақ шаттығындағы береке - келін мен ененің ауызбіршілігінде" деген пікірде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Жолдасым өзіммен түйедей құрдас. Мектеп бітіргеннен кейін бірден алып қашты. Біз 18 жасымызда ана мен әке атандық.

Қазір Аллаға шүкір, тату-тәтті, бақытты отбасылардың біріміз. Енемнің тәрбиесіне басымды иемін. "Маған бала болып келдің" деп қызындай қарады.

Жас болғасын да сол отбасыға сіңісіп кеттім. Қазір де қолымызда ата-енеміз бар. Жолдасым көп ағайынды, ауызбіршілігі мол отбасы. Енем бала күтіміне көмектеседі. Жас келіннің отбасыға сіңісуі енеге байланысты", - дейді Гүлсая Кесаманова. 
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Шекесі торсықтай ұлды өмірге әкелген ана Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының тумасы. 

"Бірінші ұлымды да сегіз жыл бұрын 28 маусымда босанған едім. Бауыры оған сыйлық болып тұр. Екеуінің арасында үш қыз бар.

Жолдасым "Екі батырды сыйладың, үш сұлуыммен жұмақтан орын алып бердің" деп екі ұлының бір күнде туғанына қуанып жатыр. Қасиетті айда туған бұл ұлымыздың атын әкесі Нұриман қойды.

Балаларымыз иманды, жолы ашық болсын деген ниетіміз бар. Жас қосылсақ та жолдасымның айтқаны заң. Ерін қадірлеген әйелдің өзі де сыйлы", - дейді Гүлсая. 
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Кеше қала күнінде босанған аналарға жергілікті әкімдік өкілдері сый-құрмет көрсетті. Олардың қатарында бес баланың анасы атанған екі келіншек бар.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
"Қала күнінде қызды болып жатырмын. Алдында төрт ұлым бар. Қызды болуды бірнеше жыл армандадым. Қатты толқып тұрмын. Өзім 23 жылдан бері ата-енеммен тұрамын. Үлкендерді сыйлаймыз, айтқанын тыңдаймыз. Оларға одан артық ештеңе керек емес",- дейді көңілі босаған кішкентай Әселдің анасы Бақытгүл Ешімова. 

Сонымен қатар, Ақтөбеде қала күнінде Милана, Каролина есімді егіз қыздар дүниеге келді.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796570-aktbelik-26-zastagy-bes-balany-anasy-enemen-tatu-boludy-syryn-asty/

pixel