RU
Ақтөбеліктер Димашқа балаларының аузына түкірту үшін кезекке тұрды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақтөбеліктер Димашқа балаларының аузына түкірту үшін кезекке тұрды (видео)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеліктер Димаш Құдайбергенге балаларының аузына түкірту үшін ұзын-сонар кезекке тұрды. Ғажайып даусымен күллі әлемді таңғалдырған әншінің "ауызға түкіру" ырымын жасап жатқан сәті желіде тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Instagram парақшасында кішкентай бүлдіршіннің «аузына түкіру» ырымын жасап жатқан Димаш Құдайбергеннің видеосы пайда болды. Бейнежазбада эстрада жұлдызы кішкентай қызды көтеріп тұрғаны көрініс тапты.

Ол бір жасқа толмаған қыз баланы көкке көтеріп, бүлдіршінді «менің балам» деп әзілдеген.

"Жаным, саған Алла разы болсын! Димаш ағасы қызымның аузына түкірді" , -деп қуанған опера әншісі Венера Алпысбаева Димаштың анасынан тілек сұрады.
"Ең бастысы ғұмыры ұзақ болсын, маңдайында бармақтай бақ болсын! Халқымыздың мақтанышы болатындай қыз болып өссін. Мамасы Венера секілді әдемі, еліне қадірлі болсын" ,-деді Светлана Айтбаева.

"Аузына түкіру" ырымы жасалған соң, Димаштың қасында тқрған көпшілік оған қолшапалақтады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
3
12
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel