Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсылықты білмейтін сараң": GGG-дің экс-бапкері күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Геннадий Головкин бұрынғы бапкері Абель Санчестің ынтымақтастықты тоқтату туралы шешімінен кейінгі реакциясы тосын жағдай болғанын мәлімдеді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Геннадий Абельден кеткеннен кейін, бұрынғы бапкері оны "жақсылықты білмейтін сараң" деп атаған.

Боксшы Villainfy Media-ға берген сұхбатында елдің көкейінде жүрген бірнеше сұраққа жауап берді.

Головкин Санчесті әлі де досы деп санайтынын алға тартты.

"Иә, менің тарапымнан ешқандай мәселе жоқ. Ал оның неге осылай жауап қатқанын білмеймін. Оның реакциясы маған тосын жайт болды, таңғалдым. Себебі, оның алдында екеуміз сөйлестік, ол барлығын түсінді. Мен де оның ұстанымын түсіндім. Оның осының бәрін айтқанын түсінбеймін", - деді боксшы.

Ол бұрынғы бапкерін алдағы жекпе-жегіне шақыру-шақырмауын білмей жүргенін жеткізді.

Айта кетейік, Головкиннің жаңа бапкері Джонатон Бэнкс болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1796586-zaksylykty-bilmejtin-sara-ggg-di-eks-bapkeri-ktpegen-mlimdeme-zasady/

pixel