RU
Тоқаев, Назарбаев, Путин, Лукашенко және Жээнбеков Нұр-Сұлтанда бас қосты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Тоқаев, Назарбаев, Путин, Лукашенко және Жээнбеков Нұр-Сұлтанда бас қосты

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда жоғары Еуразия экономикалық кеңес отырысы басталды. Маңызды шараға Нұрсұлтан Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Лукашенко, Сооронбай Жээнбеков, Владимир Путин қатысуда. Саммитті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ашты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Ақорда. Коллаж: NUR.KZ

Саммит Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімнің 5 жылдығына орай ұйымдастырылған.

Кеңестің шағын құрамдағы отырысына Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей президенті Владимир Путин, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян қатысуда.

Осыдан кейін кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысы болады.

Оған кеңеске мүше мемлекеттер басшыларымен қатар Молдовия президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде қатыспақ.

Саммит барысында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel