RU
Полицейлер СҚО жолында адасып кеткен бес жасар баланы тапты
Жаңалықтар Қоғам

Полицейлер СҚО жолында адасып кеткен бес жасар баланы тапты

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша аудан орталығының айналма жолында патрульдық полицейлер жылап келе жатқан баланы анықтаған. Бала серуендеуге шығып, адасып кеткен деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицейлер СҚО жолында қараусыз қалған бес жасар баланы тапты

Фото: СҚО облысының ПД баспасөз қызметі

Бала есімі Вадик екенін айтқан, алайда мекенжайын айта алмаған.

Патрульды полиция қызметкерлері оқиға жөнінде кезекші бөлімге хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен полицияның участкелік инспекторы аға лейтенант Ерлан Ысмаилов баланы көлікке отырғызып, аудан орталығының шет аймақтарымен жүргізген.

Сол кезде бала үйін танып, өзін іздеп жүрген жақындарына тапсырылған.

"Мұндай оқиғалар болып тұрады. Ата-аналарға кішкентай балаларға мұқият қарау керегін ескертеміз. Кәмелет жасқа толмаған балалар жөніндегі инспектор балақайдың анасымен профилактикалық әңгімелесу жұмыстарын жүргізді", - деді Тайынша ауданының полиция бөлімінің басшысы Нұрлыжан Ақтанов.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel