RU

"Музарттың" әнін жатқа айтқан орыс жігітіне Кенжебек Жанәбілов таңдай қақты

"Музарт" тобының солисі Кенжебек Жанәбілов өздері орындайтын әнді жатқа айтқан орыс жігітіне тәнті болды. Әнші қазақ тілінде ән салған азаматтың видеосымен желіде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Анықталғандай, орыс жігіті "Музарт" -тың орындауындағы әнді Кенжебектің өзіне видео байланыс арқылы хабарласып, шырқап берген.

"МузАРТ-тың әндерін жатқа білетін Игорь ағам сағынышын білдірді. Аман болыңыз", - деп жазды Кенжебек желідегі парақшасында.

Видеоны көрген желі қолданушылары пікірлерін қарша боратып, орыс жігітінің өнеріне жоғары баға берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1796625-muzartty-nin-zatka-ajtkan-orys-zigitine-kenzebek-zanbilov-tadaj-kakty.html