RU
Назарбаев Жоғары ЕЭК мүшелеріне: Сіздерге пайдамды тигізуге тырысамын
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев Жоғары ЕЭК мүшелеріне: Сіздерге пайдамды тигізуге тырысамын

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Ресей, Қырғызстан, Белоруссия және Армения президенттерін жақын достары деп санайтынын, оларға өз пайдасын тигізгісі келетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

фото: Ақорда

фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан жиында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болып сайланған Назарбаев қазақ жерінде жүрген қадірлі қонақтарды көргеніне қуанышты екенін атап өтті.

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

"Біз кеңес одағы ыдырағаннан кейін жылдар бойы жұмыс істедік. Қиын жағдайда мемлекет құрып, бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Мен сіздерді жақын, сенімді досым деп санаймын, өзімде сол сияқты болғым келеді (...).
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасына ұсынған Владимир Путинге, қолдау көрсеткен барлық қатысушыға алғысымды білдіремін.
Менің күшім мен мүмкіндігімнің арқасында, ТМД мен Жоғары ЕЭК-те алған тәжірибемізді ескере отырып, барлықтарыңызға және біздің одаққа пайдамды тигізуге тырысамын", - деді Назарбаев.
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel