RU
Асхат Тарғын жол ережесін бұзғанда полицейлердің жібере салатынын жайып салды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Асхат Тарғын жол ережесін бұзғанда полицейлердің жібере салатынын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Асхат Тарғын Алматыда кейде жол ережесін бұзып тұратынын мойындады. Алайда полиция қызметкерлері әншінің бұл кемшілігін байқағанымен, кешірім жасап жібере салатын көрінеді. Өнер иесі бұл жайында "НТК" арнасының "Опмай-опмай" бағдарламасынада айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жаңа темір тұлпарды тізгіндеген әнші, көлігін көбіне өзі айдайды.

"Көбіне өзім айдаймын, өзім жүргіземін. Тойға шыққанда жанымда көмекшім болады. Соның көлігімен жүремін. Алматының кептелісіне үйрендік. Түнде немесе кептеліс жоқ кезде жүреміз. Кейде жол ережесін бұзып қоятынымыз бар. Өйткені асығамыз, қатты кетіп қалатын, жүргіншілер жолын, арнайы сызықты көрмей қалатын кездер болады. Сол кездерде жол сақшылары ұстайды әрине.
Бірақ өнерге деген құрметінен танып, амандасып, "Ереже бұзбаңыз" деп жібереді көбісі. Айыппұл төлеп көрген жоқпын. Бірақ камераға түскендерін төледім. Жылдамдықты асырып, ай сайын 1-2 рет камераға түсіп тұрамыз. Ондай қатты ереже бұзбаймыз ғой", - деді Асхат Тарғын.

Сондай-ақ Асхат Тарғын көмекшісінің жол ережесін қатаң ұстайтынын да жасырмады.

"Менің жанымдағы көмекшім өте тәртіппен жүретін адам. Ереже бұзбайды. Жылдамдықты қойылған талаптан мүлде асырмайды. Өмірі айыппұл төлеп немесе камераға түсіп көрмеген адам. Біз шыны керек, асығамыз деп көліктің бір жерін сырып, жырып аламыз ғой", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
8
2
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel