RU
Танымал сақалды әйел сақалды жігітке тұрмысқа шықты (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Танымал сақалды әйел сақалды жігітке тұрмысқа шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Өзін Кішкентай Шварц Аю деп атайтын америкалық тұрғын 14 жасынан аналық бездің поликистозды белгісінен жапа шеккен. Арудың салдарынан "сақалды әйел" атанып кеткен жан бүгінде сүйгеніне тұрмысқа шығып, бақытты ғұмыр кешуде деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ауру кезінде ағзада андрогендер мен эстрогендердің секрециясы жоғарылайды. Сол себепті де бетте түк өсе бастайды. Ол оның мәселесін өзгелер біліп қоймау үшін ұзақ уақыт бойы беті мен денесіндегі шаштарды қырып отырған.

31 жасында Шварц АҚШ-тың Сиэтл қаласына көшіп, сол жерде сақал-мұрт өсіруді жөн көреді. Бұл шешім оның өмірін біраз қиындата түседі.

"Жұрт маған ала көзбен қарап, мені күлкі етеді. Жасырын түрде фотоға түсіріп алғысы келетіндер де табылады. Шынымды айтсам, бұл маған ұнамайды", - дейді ол.

Алайда әйел адам ештеңеге қарамастан бес жылдың жүзіндей барлық қиындықтарды жеңіп, бүгінде сақалдылар байқауында жеңіске жетіп жүр екен.

Шварцтың айтуынша, оның бетіндегі түк ер азаматтар үшін тосқауыл бола алмаған. Алайда ол шынайы әрі ұзақ қарым-қатынас құратын жанды таба алмай дал болыпты.

"Біреумен танысу - қиын дүние емес. Бірақ мен үшін оның менен ұялмағаны маңызды. Ол менің жанымды басқалардың көзінше жүруден қысылмауы керек", - деп түсіндірді ол.

Бір жарым жыл қарым-қатынаста болмаған Шварц бір күні Facebook-ке екінші жартысын іздейтіні туралы хабарлама жариялаған. Ол хабарламаны бір жыл бұрын әйел адамға көшуге көмектескен 45 жастағы Тобиас Брэдик оқып қалған.

Ер адам Шварц оның бетін қайтарып тастайды деп қорыққан. Алайда әйел адам Тобиастың ұсынысын қабыл алыпты. Бүгінде қос ғашық ерлі-зайыптылар атанып отыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel