RU
"Күніне мың рет естимін": Енесінің руға бөлетінін айтқан келіншек мұңын шақты
Жаңалықтар Қоғам

"Күніне мың рет естимін": Енесінің руға бөлетінін айтқан келіншек мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде енесінің руға бөлетінін айтып шағымданған келіннің жазбасы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото : Limon.kg

Көрнекі фото : Limon.kg

Есімін жарияламауды өтінген келіншек руға бөлінетіндерден күйгенін айтады.

Ол руы қожа екенін, күйеуі қоңырат екенін алға тартты.

Келіншектің сөзінше, енесі мен үлкен енесі "Қожақыз", "Қожаның қызы", "Қожеке" деген атаулармен шақырады.

Ол інісінің есімі Исламжан болғанымен, қонаққа келгенде оны да Қожамұрат, Қожанасыр деп айтатынын жеткізді.

"Бір нəрсені жақсы істесем немесе дұрыс емес істесем Қожаның қызы дейді. Қожа деген сөзді күніне мың рет естимін", - дейді келіншек.

Оның айтуынша, күйеуі алтын адам.

Келіншек енелері де жаман емес екенін, тек руға бөлетіні ұнамайтынын атап өтті.

Ол көпшіліктен руға бөлінудің дұрыс-бұрыстығын сұрады.

Мұны оқыған желі оқырмандары "Енеңнің еркелеткені ғой", "Қалыпты жағдай", "Үлкен кісілер ғой, айта берсін. Тек бетіне келуші болма", "Мені енем - көршінің қызы деп шақырады", "Руға бөліну бұрыннан бар" деген сынды пікірлерін қалдырды.
Сіздің реакцияңыз
12
1
0
3
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel