RU
Жас түлектер мектеп директоры мен сынып жетекшісіне 975 мың теңгеге сыйлық жасамақ
Жаңалықтар Қоғам

Жас түлектер мектеп директоры мен сынып жетекшісіне 975 мың теңгеге сыйлық жасамақ

Рассказать Вконтакте

Биылғы жылы мектеп қабырғасын аяқтаған жас түлектер қоштасу кешінде мектеп пен директорға, сынып жетекшісіне сыйлық табыс ету үшін 975 мың теңге жинаған. Олар мектеп басшысына 275 мың теңгенің алқасын, ал сынып жетекшісіне 500 мың теңгенің гауһарын сыйламақ деп жазады Замана басылымы.

Фото:elitar.kz,massaget.kz,satu.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото:elitar.kz,massaget.kz,satu.kz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Атын жасырын қалдыруыды жөн көрген оқырман сондай-ақ оқушылар өздері түлеп ұшқан мектепте 200 мың теңгенің пердесін тарту етуді жоспарлап отырғанын айтқан.

"Биылғы мектеп бітіруші түлектердің қоштасу кешінде мәрт ата-аналар директорға 275 мың теңге тұратын алтын алқа, сынып жетекшісіне құны 500 мың теңгелік бриллиант тарту етпек.
Сондай-ақ мектепке 200 мың теңге тұратын перде сыйға тартылады екен. Ал осы кеш әр түлек үшін шамамен 11 мың теңгеге түспекші...
Сонымен, күні ертең шәкірттерінің ата-аналарынан тарту-таралғы алатын ұстаздар кімдер? Нақты себептерге байланысты ешкімнің аты-жөнін атамаймын. Бірақ осы жазыл­ғандар ақиқат", - деп жазды "Замана" басылымы.

Сіздің реакцияңыз
19
2
3
3
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel