RU
Бітіру кешіндегі суретті араға 18 жыл салып қайталаған қызы мен әкесі көпті тәнті етті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бітіру кешіндегі суретті араға 18 жыл салып қайталаған қызы мен әкесі көпті тәнті етті

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Техас штатының 19 жастағы тұрғыны Тори Роуч "Twitter" әлеуметтік желісінде екі суретпен бөлісті. Суреттердің арасы 18 жыл. Бірінде бір жасар Тори әкесінің бітіру кешінде түссе, екіншісінде әкесі Торидің бітіру кешінде қызын көтеріп түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Хантсвилл қаласындағы жоғарғы мектепті тәмамдаған Тори бітіру кешінде сыныптастарына кішкентай кездегі суретін көрсету үшін мұрағатты ақтара бастаған.

Бойжеткен сол сәтте әкесінің мектеп бітіру сәтінде түскен суретті тауып алған. Ер азаматтың қолында бір жасар Тори болды.

Арудың әпкесі аталған кадрды жандандыруды ұсынған. Осылайша Тори өзінің бітіру кешінде әкесінің қолына отырып, суретке түскен.

Бойжеткен әкесі мен өзінің мектеп бітіру кешінде түскен суретін біріктіріп, "Twitter"-ге салып жіберген. Қыздың бұл жазбасы 175 мың лүпіл жинады.

Бүгінгі таңда Тори Хьюстон атындағы жоғарғы оқу орнында білім алуда. 2022 жылы ол бітіру кешінде қайтадан әкесімен ерекше фото жасауды жоспарлап отыр екен.

"Бұл кез мені әкеме одан бетер жақын етті. Біз бір-біріміздің бітіру кешімізде болып, бір-бірімізді қолдай білдік. Бұл әркімде бола бермейтін құбылыс", - дейді бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
3
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel